02317 қараша – Халықаралық студенттер күні.

Бұл күн халықаралық деңгейде көптеген елдерде сән-салтанатымен тойланады. Осы орайда Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі студенттер күніне арналған Достық фестивалін өткізді.

Салтанатты кездесуде колледж директоры өз құттықтауын жеткізіп, оқуда озат, ғылыми және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген студенттерді марапаттады.

Мерекелік кездесу Халықаралық студенттер гимні латын тілінде «Гаудеамустан» (қазақшасы “Қуанайық”) басталды. Студенттерді айтулы мерекемен құттықтауға арнайы келген «Қазанғап атындағы музыкалық колледж» студенттері керемет әндерін сыйлап, мерекелік көңілді одан әрі көркейтті.

Кеш барысында 1 курс студенттеріне білім кілтін табыстау рәсімі өтті.

Жастық, күш, талант, білім барлығы бойынан табылатын студенттеріміз өз өнерлерін көрсетті. Қазақ тарихынан сыр шертетін театрландырылған көрініс көрсетілді, Мың бұрала билеген арулар әр ұлттың билерін өз нақышына келтіре орындады.

Кеш соңында, университет пен колледж студенттері «Студенттік өмір» әнін бірге орындап, Достық фестивалін қорытындылады.

024

025